Бүгіннен бастап Түркия туристер үшін шекарасын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап Түркия туристер үшін шекарасын ашты

10.06.2020

Бүгіннен бастап Түркия туристер үшін шекарасын ашты. Әзірге Катар, Болгария, Грекия сияқты көршілес 5 елмен әуе қатынасы қайта жанданды. 15 маусымнан бастап тағы бірқатар елдерден туристер келе бастамақ.

Түркия Қазақстанмен шекараны 20-шы маусым күні ашамыз деп мәлімдеді. Екі елдің министрліктері арасында осындай келісім жасалған. Егер тиісті органдар тарапынан қандай да бір өзгертулер болмаса қазақстандықтар 10 күннен кейін Түркияға келе алады. Ал 15 маусымнан бастап бірқатар еуропа елдері мен Жапония, Әзірбайжан, Тәжікстан азаматтарына шекара ашылса, 22 маусымнан бастап Қырғызстан, Оңтүстік Корея сияқты оншақты елмен әуе қатынасы жанданбақ. Жалпы осы айда Түркия бас-аяғы 40 елге әуе кеңістігін қайта ашуды жоспарлап отыр.

Айдос ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу