Сирияда жарылыстан америкалық 4 жауынгер қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда жарылыстан америкалық 4 жауынгер қаза тапты

17.01.2019

Сирияда жанкештінің шабуылынан 4 америкалық жауынгер қаза тапты. Мұны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы хабарлап отыр. Сонымен қатар, құрбандардың ішінде Пентагонның азаматтық қызметкері мен осы әскерге жалданған бір адам бар.

Шабуылды «ДАИШ» қарулы тобы өз мойнына алды. Экстремистік ұйымның мәлімдеуінше, оның мүшелерінің бірі күрдтердің қарамағындағы Манбидж қаласында жүрген америкалық патрульдің жанында өзін-өзі жарып жіберген.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу