Сирияда Ресейдің 4 жауынгері қаза тапты
Сирияда Ресейдің 4 әскери қызметкері қаза тапты. Олар елдің шығысындағы Дейр-әз-Зор провинциясында содырлармен қақтығыста мерт болған. Құрбандардың ішінде екі кеңесші бар. Ресейліктер Сирияның армиялық батареясына шабуыл жасалғанда оққа ұшқан. Тағы екеуі ауыр жарақаттан жантәсілім етті. Бесеуі жараланған.
Үкімет әскері Дейр-әз-Зор провинциясын былтыр азат етті. Бірақ, мұнда «ДАИШ» әлі де белсенді.
Сириядағы адам құқығын бақылау ұйымының мәліметінше, бұл шабуылды дәл осы «ДАИШ» ұйымдастырып, 35 адамды өлтірді. Солардың 26-сы жергілікті әскер сарбаздары, 9-ы – ресейліктер. Ресми Мәскеу болса, 43 содырды жойғанын хабарлап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Моңғолиядағы археологиялық кешен қоршалды
13.07.2026, 17:35
Аралда бірнеше өндіріс орны ашылды
13.07.2026, 17:30
Баянауылда «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті
13.07.2026, 17:27
Ел жаңалықтарына шолу
13.07.2026, 17:25
Физикадан Халықаралық Олимпиададан 5 оқушымыз алтын әкелді
13.07.2026, 17:22
Алматыда 11 мың адам баспаналы болады
13.07.2026, 17:20
Құрылтай сайлауына үміткерлердің тізімі бекітілді
13.07.2026, 17:17
Халықтық Конституция заң үстемдігін нығайтады
13.07.2026, 17:15