Иранда әскери ұшақ құлап, 15 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда әскери ұшақ құлап, 15 адам қаза тапты

14.01.2019

Иранның Алборз провинциясының Карадж қаласында әскери ұшақ құлап, оның бортында болған 16 адамның 15-і мерт болды. Мұны бүгін елдің «Фарс» агенттігі хабарлады.

Жүк тасушы Boeing-707 Фатх әуежайының маңында апатқа ұшыраған. Ол мұнда Қырғызстан астанасы Бішкектен ет апарды деген ақпарат бар. «Фарстың» мәліметінше, әуе машинасының құлауына әуежай қызметкерлерінің ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақты өзге қону алаңына қателікпен бағыттап жіберуі себеп.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу