АҚШ-та әскери ұшақ құлап, 16 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та әскери ұшақ құлап, 16 адам қаза тапты

11.07.2017

АҚШ-тың Миссиссипи штатында әскери ұшақ құлап, 16 адам қаза тапты. Транспорттық әуе машинасы осы  штаттың астанасы Джексон қаласынан солтүстікке қарай 160 шақырым қашықтықта апатқа ұшыраған. Куәгерлердің сөзінше, төмен қарай құлдилап бара жатқанда оның бір моторы түтіндеген екен.

Дегенмен, оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Теңіз әскері корпусының өкілі Сара Бернстің мәлімдеуінше, авиациялық көлікте техникалық проблема туындаса керек.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу