Германияда үлкен алтын монетаны ұрлаған төрт адамға қатысты сот процесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда үлкен алтын монетаны ұрлаған төрт адамға қатысты сот процесі басталды

11.01.2019

Олар бұл ақшаны 2017 жылы Берлин мұражайынан алып кеткен. Монетаның салмағы 100 келі тартады. Ол 24 караттық алтыннан жасалған. Бұл монета 3,75 миллион еуроға бағаланып отыр.

Сотқа тартылып жатқандардың барлығы – ливандық иммигранттар. Олардың қылмыстық топтармен байланыста болуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу