Сингапурде мұнай ұрлағандарға айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурде мұнай ұрлағандарға айып тағылды

15.01.2018

Сингапурде «Шелл» компаниясының зауытынан 2,4 миллиард доллардың мұнайын ұрлаған 9 адамға айып тағылды. Олардың екеуіне қатысты сот ертең басталады. Олар голландиялық кәсіпорынның жергілікті еншілес компаниясында жұмыс істей жүріп, шикізат жымқыру схемасына тікелей қатысқан. Кейбір сарапшылардың пікірінше, қылмыстың бұл түрі кейінгі кездері Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең таралып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу