Афиныда Ангела Меркельдің елге келуіне қарсылық шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Афиныда Ангела Меркельдің елге келуіне қарсылық шеруі өтті

11.01.2019

Грекия астанасы Афиныда демонстранттар полициямен қақтығысты. Тұрғындар шеруге Германия канцлері Ангела Меркельдің елге келуіне қарсылық білдіру үшін шыққан екен. Алғашында бейбіт басталған манифестация үлкен жанжалға ұласты. Шерушілердің ойынша, Меркель Грекияға келмеуі керек. Өйткені, ол елде бюджетті қатаң үнемдеу саясатында шешуші рөл ойнап, грекиялықтардың экономикалық жағдайын ауырлатып жіберді. Алайда, неміс үкіметінің мәлімдеуінше, Берлин Грекияны дағдарыстан шығару үшін Афиныға несие берді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу