Президент Ангела Меркельді құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ангела Меркельді құттықтады

25.09.2017

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельді Христиан демократиялық одағының Германия Бундестагына сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады.  Нұрсұлтан Назарбаев сайлау қорытындысы Федералдық канцлердің әлеуметтік-экономикалық саясатына неміс халқының қолдау көрсетіп отырғанының жарқын мысалы екенін атап өтті.   

Елбасы Ангела Меркельдің халықаралық беделіне тоқталып, оның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу