Қытайда Tesla зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда Tesla зауыты салынады

07.01.2019

Америкалық миллиардер Илон Маск Қытайдың Шанхай қаласында өзінің «Tesla» компаниясының зауытын салуға кіріскенін жариялады. Бұл гигафабрикада келешекте үшінші модельдік электромобильдер шығарылады.

Болашақ өндіріс орнының іргетасын қалау салтанатына Масктің өзі де қатысты. Оның айтуынша, жаңа зауыт құрылысына шамамен 2 миллиард доллар жұмсалады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу