Екібастұзда ферроқорытпа зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда ферроқорытпа зауыты салынады

01.12.2023

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері талқыланды. ((КСМ:)) Мемлекеттік комиссия отырысында Екібастұзда ферроқорытпа өндіретін зауыт салу мәселесі қаралды. Жылына 80 мың тонна ферросилиций өндіретін нысан 520-дан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. 2025 жылдан бастап жұмыс істей бастайтын зауыттың өнімі Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркия және Еуропа елдеріне экспортталмақ. Жобаны жүзеге асыруға 113 млрд теңгеден аса инвестиция құю көзделген.

Сондай-ақ басқосуда Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бірқатар активті бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстар қаралды.


Хабарламаларға жазылу