Сауат Мыңбаев төртінші мұнай өңдеу зауытының өнімдері қайда экспортталатынын хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауат Мыңбаев төртінші мұнай өңдеу зауытының өнімдері қайда экспортталатынын хабарлады

04.03.2014
Сауат Мыңбаев төртінші мұнай өңдеу зауытының өнімдері қайда экспортталатынын хабарлады
Оның айтуынша, мұнай өңдеу зауыты өнімдерінің басым бөлігін сыртқы нарықтарға шығару керек болады. Қазіргі уақытта оның болашақтағы нарықтары Үкіметте талқылануда.
 
«Төртiншi мұнай өңдеу зауыты кемiнде төрт-бес жыл салынады. Дегенмен, ол зауыттың өнiмдерiнiң басым бөлiгiн экспортқа шығару керек болады. Оның болашақ нарығы қай мемлекеттерге таралуы ықтимал?! Солтүстiгiмiзде Ресей нарығы мұнай өнiмдерiнен таршылық көрмейдi. Сондықтан онда тасымалдаудың мәнi жоқ. Қытайда технологиясы мен жұмыс күшi арзан болғандықтан, бәсекеге қабiлеттi зауыттар көп. Батысқа инфрақұрылым өте күрделi, Каспий теңiзi бар. Үлкен қуаты бар Әзірбайжан елiнiң зауыттары да жетерлiк. Сондықтан бiздiң негiзгi экспорттық әлеуетi бар нарығымыз ол - оңтүстiк. Олар - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан, Ауғанстан. Ол нарықта Ресей өзiнiң экспорттық қуаттарымен жұмыс жасауда. Ресеймен бәсекелесу керек болады. Осы мәселелер қазiр Үкiметте талқылануда», - деп атап өттi ол.

Хабарламаларға жазылу