Ма Цзянға өмір-бақи түрме жазасы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ма Цзянға өмір-бақи түрме жазасы кесілді

27.12.2018

Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік министрінің бұрынғы орынбасары өмір-бақи түрмеге қамалды. Мұндай үкімді бүгін Далянь қаласының соты шығарды.

Ма Цзянға бұған дейін мол көлемде пара алды, инсайдерлік мәліметтерді саудалады, шетелге қашқан миллиардер Го Вэньгуге қамқорлық жасады деген айыптар тағылған.

Қытай компартиясының орталық комиссиясы оған қарсы тергеуді 2015 жылы қаңтарда бастап, арада бір жыл өткенде Маны өз құрамынан шығарды. «CCTV» телеарнасының хабарлауынша, сотталушы қатаң үкіммен келісетінін айтып, апелляциялық шағым жазудан бас тартқан.

Қытайда 2012 жылы билікке Си Цзиньпин келгелі ондаған ірі шенеунік тергелді немесе сотталды. Мемлекет басшысы коррупцияны Коммунистік партия билігіне қауіп деп қарастырып, оны түп-тамырымен жоюға уәде берген еді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу