Нидерланды прокуратурасы ұшақ апатына 4 адам кінәлі деп есептейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланды прокуратурасы ұшақ апатына 4 адам кінәлі деп есептейді

21.12.2021

Нидерланды прокуратурасы 2014 жылы Украинада малайзиялық ұшақтың атып түсірілуіне төрт адам кінәлі деп есептейді. Олардың үшеуі – ресейліктер, біреуі - Украинадан.

Прокурор Тейс Бергердің сөзінше, бұл азаматтар «Боинг» ұшағын «Бук» атты зениталық-зымыран кешенімен құлатқан.

Егер ресми айып тағылатын болса, Игорь Гиркин, Сергей Дубинский, Олег Пулатов, Леонид Харченко өмір-бақи түрме жазасына кесілуі мүмкін. Бұл іс бойынша үкім келесі жылы шығуы керек. Алайда Ресей авиациялық апатқа өзінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.

Естеріңізге сала кетсек, малайзиялық лайнер 2014 жылы шілденің 17-де Донбасс аспанында ракеталық соққыға ұшырап, оның бортындағы 298 адам түгел қаза тапқаны белгілі.

Арыстан Рысбек


нидерланды әлем жаңалықтары прокуратура ұшақ апаты

Хабарламаларға жазылу