Венгрияда тұрғындар күні-түні жұмыста отыруға қарсылық шеруіне шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венгрияда тұрғындар күні-түні жұмыста отыруға қарсылық шеруіне шықты

14.12.2018

Венгрияда тұрғындар кең ауқымды шеру өткізді. Олар парламенттің еңбек кодексіне өзгеріс енгізуді құптауына наразылық білдірген. Демонстранттардың сөзінше, бұл құжат жұмысшылардың құқығын бұзып, оларды «корпорация құлына» айналдырады. Ал, депутаттар қолдаған өзгеріске сай, Венгрияда қызметкерлердің жылдық үстеме жұмыс істеу уақыты 250-ден 400 сағатқа дейін ұлғаймақ. Ал, шерушілер өздерінің немесе жақындарының күні-түні жұмыста отыруына жол бермеуге үндеп жатыр.

Наразылық акциясын солшыл партиялар мен кәсіподақтар қолдаған. Шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Тәртіп сақшылары акцияға қатысушыларға бұрыш шашса, демонстранттар оларға жұмыртқа, құлақ тұндырғыш граната мен банкілер лақтырған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу