Әлем елдеріндегі жаңажылдық ырымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдеріндегі жаңажылдық ырымдар

31.12.2015
Әлем елдеріндегі жаңажылдық ырымдар

Әлемде 262 ел бар. Олардың әрқайсысының өз нанымы мен дәстүріне байланысты Жаңа жылды атап өту салты бар. Мәселен, Польша елінде күні-түні карнавалдық кештер өтеді.

Адамдар жүздерін түрлі бояулармен бояйды, көшелерін түрлі шамдармен көркемдеп безендіреді. Сағат түнгі 00:00-ні соққанда қала тұрғындары шарларды жара бастайды.

Италияда Жаңа жыл түні тұрғындар ескі заттарын терезеден далаға лақтырады. Себебі, жаңа жылда қоқысқа кеткен заттардың орнына жаңасын алады. Ал, Венгрияда Жаңа жылға 1 секунд қалғанда ысқыру керек. Яғни, осы арқылы олар жын-шайтандарды қуамыз деп есептейді.

Кубалықтар болашақ жарқын болсын деген ниетпен  үйдегі барлық ыдысты суға толтырады  және сағат 00.00 болғанда 12 жүзім жейді.

Ал, Иран еліндегілер сағат тура 00:00 болғанда қолдарына күміс тиын ұстауы керек. Жаңа жылға қатысты тағы қандай елде қандай қызық бар? «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу