Киевте наразылық шеруі қайта басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте наразылық шеруі қайта басталды

06.01.2014
Киевте наразылық шеруі қайта басталды
Киевтің Тәуелсіздік алаңына 5 желтоқсанда оппозицияның жаңажылдық мерекеден соң өткізген алғашқы қарсылық шеруіне 10 мыңға тарта адам жиналды, деп хабарлайды azattyq.org.
 
Қарашаның соңында Украина үкіметінің Еуропа Одағымен интеграциядан бас тартуы елде жаппай наразылық тудырған еді. Содан бері Киев пен бірнеше қалада биліктен Еуропа Одағымен жақын байланыс орнатуды және үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен қарсылық акциялары өтіп келген.
 
5 қаңтардағы шеруде оппозиция жетекшілері жақтастарын православтық Рождество мерекесі аяқталған соң наразылық акцияларын жалғастыруға шақырды.
 
Наразылық танытушылар Украина билігі Еуропа Одағымен интеграциядан Ресейдің қысымымен бас тартты деп санайды. Желтоқсанның ортасында Ресей Украинаға 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек ұсынып, бұл елге импорттайтын газының бағасын арзандатуға келіскен.

Хабарламаларға жазылу