Украина президенті Ресеймен арадағы Достық келісімін тоқтату туралы заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президенті Ресеймен арадағы Достық келісімін тоқтату туралы заңға қол қойды

11.12.2018

Украина президенті Ресеймен арадағы Достық, ынтымақтастық, серіктестік келісімін 2019 жылы сәуірдің 1-нен бастап тоқтату туралы заңға қол қойды. Сонымен қатар, Петр Порошенко елдің Сыртқы істер министрлігіне екі мемлекеттің қатынастары туралы құжаттарды қайта қарауға нұсқау берді.

Айта кетсек, Киев пен Мәскеудің байланысы 2014 жылы Қырым Ресейге қосылып, Донбасста соғыс басталғаннан кейін нашарлап кетті.

Ресей мен Украина Достық келісіміне 1997 жылы қол қойды. Сол кезде тараптар бір-бірінің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын құрметтеуге уағдаласты.

Кремльдің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Порошенконың бұл келісімнің мерзімін ұзартпау туралы шешімі Украина халқын сыйламауды білдіреді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу