Сычуань провинциясында лай көшкінінен 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сычуань провинциясында лай көшкінінен 3 адам қаза тапты

10.12.2018

Қытайдың Сычуань провинциясында алапат лай көшкіні болды.  Апат салдарынан 12 адам үйінді астында қалып,  3 тұрғын қаза тапты.  Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқиға жергілікті уақытпен сағат 17:00-де басталып, таудан тас пен топырақ құлаған. Көшкіннен 3 үй жермен-жексен болды.

Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Екі адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына бас-аяғы 600 құтқарушы жіберілді. Олар үйінді астынан 2 жасар баланы шығаруға күш салып жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу