Петропавлда тергеуші қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда тергеуші қамауға алынды

18.05.2023

Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері қамауға алынды. Сезікті Петропавл ауыр машина жасау зауыты басшылығының 45 млн теңге көлемінде пара алғанын біле тұра қылмысты жасырды деген күдікке ілініп отыр. Экс-тергеуші зейнетке шыққаннан кейін адвокаттық қызметпен айналысқан көрінеді. Солтүстік Қазақстан экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, ол зауыт басшылығының қылмысын жасыру үшін пара алу дерегін азаматтық-құқықтық мәміле ретінде көрсетуге тырысқан. Сондай-ақ сот санкциясымен осы іске қатысы бар деген күдікпен тағы екі адам ұсталды.

Виктория Алпеева, Экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:

Әлеуметтік желілерде осы дерек бойынша түрлі ақпарат тараған еді. Онда Тәмпиевтің зауыт басшылығына қатысты қылмыстық істе адвокат болғаны айтылған. Алайда бұл мәліметті дәлелдейтін ешбір құжат жоқ. Істің анық-қанығына жету үшін, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу