Пәкістан: Жарылыстан 35 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістан: Жарылыстан 35 адам қаза тапты

23.11.2018

Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысындағы Оракзай аймағының Клая қаласында мотоцикл мінген жанкешті ашық базарда бір топ адамды барып соққан. Соңғы мәліметке қарағанда, 35 тұрғын қаза тапқан. Құрбандардың көбі – шиит мұсылмандар. Премьер-министр Имран Хан қантөгісті айыптап, оны террористік акт деп атады. Пуштундар көп тұратын бұл аймақтағы қарулы топтар кейінгі жылдары үкімет армиясымен соғысты. 

Ал, Қытай осы елдің Карачи қаласындағы консулдығына жасалған шабуылды қатаң айыптады. Айта кетсек, оқиға кезінде 2 полицей қайтыс болды. Үш шабуылшы консулдықтың визалық бөліміне кіріп, тәртіп сақшыларының қоршауына түсіп, бір сағатқа созылған атыс кезінде мерт болған. Қалған қызметкерлері аман. Бұл шабуылды «Белуджстанды азат ету армиясы» деген сепаратистік топ ұйымдастырыпты. Ол осы әрекеті арқылы Қытайдың өздері тұратын оңтүстік-батыста табиғи ресурстарды игеруіне наразылық білдірмек болған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу