Нигерияда танкер жарылып, 35 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда танкер жарылып, 35 адам қаза тапты

11.09.2018

Нигерияда газ танкері жарылғанда 35 адам қаза тауып, жүздегені жараланды. Оқиға Батыс Африкадағы елдің Насарава штатында болған. Жарылыстан кейін лезде өрт тұтанған. Жапа шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайларды басқару агенттігінің дерегінше, танкер Лафия-Макурди жолы бойындағы жанар-жағармай бекетінде жарылған. Адамдардың көбі жарылыс жаңғырығын естіп, не болып жатқанын өз көздерімен көруге барғанда қаза тапқаны белгілі болды. Қазір жоғарыда аталған агенттік апаттың себебін анықтауға кірісті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу