Гватемалада вулкан құрбандарының саны 99-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гватемалада вулкан құрбандарының саны 99-ға жетті

07.06.2018

Гватемалада «Фуэго» жанартауы құрбандарының саны 100-ге жуықтады. Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мәліметінше, 296 адам зардап шегіп, тағы 200-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал, бірнеше қалада қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.

Гватемалада «Отты тау» аталып кеткен «Фуэго» соңғы 40 жылда алғаш рет осынша қатты атқылап жатыр.

Табиғи апаттан жапа шеккен аймақтарда құтқару-іздеу жұмыстары төртінші күнге ұласты. Бұл операцияға көршілес мемлекеттерден де көмек жетіп жатыр. Мысалы, Құрама Штаттардың әскери-әуе күштері адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге жәрдемдесті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу