АҚШ-тың Калифорния штаты тарихындағы ең алапат орман өрті дес бермей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штаты тарихындағы ең алапат орман өрті дес бермей жатыр

13.11.2018

Онымен күреске 8 мыңнан астам өрт сөндіруші тартылған. Тілсіз жау 7 мыңнан астам ғимаратты күлге айналдырып, 840 шаршы шақырым аумақты шарпыды. Қаза тапқандар саны 42-ге жеткен. 230-ға жуық тұрғын жоғалып кеткендер санатында. Лапылдаған жалыннан, әсіресе, Вентура мен Лос-Анджелес қалалары көп зардап шекті. 250 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Қазір Малибудағы бай-бағландар мен атақты адамдардың құны миллиондаған долларға бағаланатын үй-жайларына да қауіп төніп тұр. Соңғы деректерге қарағанда, желдің жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетіп, өрт аумаққа тез тарап жатыр. Метеорологтардың хабарлауынша, екпінді жел үдей түсуі мүмкін. Демек, штатта өрттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу