АҚШ-тың Калифорния штатында өрттен 42 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында өрттен 42 адам қаза тапты

13.11.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында өрттен қаза тапқандар саны 42-ге жетті. Тағы 200-дей тұрғын жоғалып кеткен. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, 36 мың гектар жер күлге айналды.

Тілсіз жаудан, әсіресе, Вентура мен Лос-Анджелес аудандары көп зардап шекті. Бұл өңірден шамамен 200 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Қазір Малибудағы атақты жұлдыздардың құны миллиондаған доллар тұратын үй-жайларына да қауіп төніп тұр. Соңғы деректерге қарағанда, желдің жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетіп отыр. Сондықтан, өрт тез тарауда.

Метеорологтардың хабарлауынша, екпінді жел үдей түсуі мүмкін. Демек, оттың жаңа ошақтары пайда болуы ықтимал.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу