Калифорния штатында өрттен 25 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорния штатында өрттен 25 адам қаза тапты

12.11.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында қаулаған өрттен 25 адам қаза тапты. Тағы 35 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. 150 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Биліктің мәлімдеуінше, миллиондаған адам қауіпсіз жерге көшірілуі мүмкін. От Лос-Анджелес пен танымал Малибу курортына қауіп төндіріп тұр.

Өрт сөндірушілер жалын шарпыған аумақтың тек 10 пайызын бақылауға алып үлгерген. Дегенмен, алдағы күндерде жағдай жақсармауы мүмкін деген үрей басым. Калифорнияға өрт солтүстік пен оңтүстік жақтан жақындап келеді. Бұл - штат тарихындағы ең алапат өрт. Одан елді мекендер курорттық қалалар мен Голливуд жұлдыздарының виллалары күлге айналып жатыр. Қазір штаттың үш округінде төтенше жағдай жарияланған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу