Израиль аумағына 100-ге тарта зымыран жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль аумағына 100-ге тарта зымыран жіберілді

30.05.2018

Таяу Шығыста палестиналық қарулы топтар Израиль аумағын зымырандармен атқылады. Кейбір мәліметтерге сай, кешеден бері еврей мемлекеті территориясына 100-ге тарта ракета мен миномет бомбасы түскен. Израиль әскері зымырандардың 40-қа жуығын «Темір күмбез» ракетаға қарсы қорғаныс жүйесінің көмегімен атып түсірді.

Шабуылдарды «Хамас» және «Ислам жиһады» ұйымдары өз мойнына алған. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы Газа секторындағы 35 нысанды, соның ішінде «Хамасқа» тиесілі тоннельдерге шабуыл жасады. Ал, палестиналық радикалдар Израильге наурыздың 30-дағы шерулер кезінде 116 палестиналықты мерт қылғаны үшін  зымыран жібергенін мәлімдеп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу