Иракта «ДАИШ»-тан азат етілген аудандардан 200-ден астам мола табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта «ДАИШ»-тан азат етілген аудандардан 200-ден астам мола табылды

08.11.2018

Олардың әрқайсына адамдар көптеп көмілген. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссариаты мәлімдеді.

Оның дерегінше, «ДАИШ» террористік тобы бас-аяғы 202 молаға шамамен 12 мыңдай адамды көмген. Сол құрбандардың көпшілігі – әйелдер мен балалар, қарттар мен мүгедек адамдар. «ДАИШ» Ирактың айтарлықтай бөлігін 2014 жылдың маусымы мен желтоқсаны аралығында басып алды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, бұл топ Иракта 33 мыңға жуық бейбіт тұрғынды өлтіріп, 55 мыңнан астамын жаралаған.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу