Шиит жасақтары Мосулдың батысындағы жолды алуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шиит жасақтары Мосулдың батысындағы жолды алуға жақын

21.11.2016
Иракта шиит жасақтары «ДАИШ»-тың Мосул маңындағы құрал-жабдық таситын негізгі жолын басып алуға жақын. Егер олар бұл трассаны жабатын болса, экстремистер Сириядан қару-жарақ жеткізе алмайды.

Қазір шайқас Мосулдың батысындағы Тал-Афар қаласы маңында жүріп жатыр. Үкіметке жақтас отрядтар аталған жолмен бірге түркімендер қоныстанған Тал-Афарды да таяуда «ДАИШ»-тан қайтарудан үмітті.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу