Қытайдағы көмір шахтасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы көмір шахтасында жарылыс болды

16.10.2018

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шихао қаласында төтенше жағдай. Мұнда көмір шахтасында газ жарылып, 5 адам қаза тапқан. 4 кенші жараланып, ауруханаға жеткізілді. 

Шахта «Чонгчинг энергетика-инвестициялық тобына» еншілес компаниялардың біріне тиесілі. Жарылыс шахтада жұмыс тоқтатылғаннан кейін көп ұзамай болған. Оқыс оқиға кезінде жұмысшылар шахтаға кіретін жерді мөрлеп жауып жатқан еді. Жарылыстың күшінен жақын маңдағы ғимараттардың терезелері сынған. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу