Қытайдағы темір шахтасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы темір шахтасында жарылыс болды

06.06.2018

Қытайдың Ляонин провинциясында темір шахтасында жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметке қарағанда, жер астында қалып қойған жиырма шақты адам құтқарылған.

Бұл апат сейсенбі күні болып, 11 адам қаза тауып, тоғызы жараланған. Жарылыс кезінде кен орнында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан.

Бүгін ол жерге ауыр техника мен жедел жәрдем машиналары жетті. Дегенмен, екі жұмысшы әлі табылмай отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу