Австралияның Тансей қалашығында құйын көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның Тансей қалашығында құйын көтерілді

12.10.2018

Австралияның Тансей қалашығында бұршақ жауып, құйын көтерілді. Бұған қоса, күн күркіреген. Табиғи апат кезінде бірнеше адам жараланды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жапа шеккендердің көлігіне ірі тастың көлеміндей бұршақ түскен. Бұдан бөлек,  үш баланың үстіне ағаш құлап, олар ауруханаға жеткізілді. Ғимараттар  да зақымданған. Қазір қалада тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу