Түркияда Босфор жағасындағы виллалар сатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Босфор жағасындағы виллалар сатылып жатыр

09.10.2018

Түркияда Босфор жағалауындағы қымбат элиталық үйлер сатылып жатыр. Бұғаздың азиялық және еуропалық жағында 60 шақты вилла саудаға қойылған. Олардың бағасы 4,5 миллион доллардан басталып, 95 миллион долларға дейін жетеді.

Түрік экономикасының қысылтаяң кезеңге тап болуына орай, ауқаттылар өздерінің қымбат үйлерінен тезірек құтылғысы келеді. Ал, түрік лирасы құлдырағандықтан, бұл виллаларға шетелдіктердің, соның ішінде Катар, Иран, Әзірбайжан азаматтары қызығушылық танытып отыр.

Жылжымайтын мүлікпен бірге жаңа үйлердің иелері түрік төлқұжатын алуға мүмкіндігі бар. Өйткені, жақында президент Реджеп Тайып Ердоған шетелдіктердің азаматтық алуын жеңілдеткен еді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу