Астанадағы «Шапағат» базары сатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Шапағат» базары сатылып жатыр

28.12.2018

Астанадағы азық-түлік сатылатын «Шапағат» әлеуметтік базары үшінші мәрте сатылымға қойылады. Тиісті ақпаратты «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Нұрлан Жақыпов жария етті. Бұған дейін екі мәрте өткізілген сауда сәтсіз болған. Базардың бастапқы құны 1 млрд. 300 млн. теңге. Алғашқы сатылымда екіден кем адам қатысқан. Бұл ережеге қайшы. Келесі сатылым келер жылдың басына жоспарланып отыр. Кешеннің бір жылдағы таза табысы 80 млн. теңге.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу