Парижде босап кеткен жылқы мейрамханаға кіріп кетіп қонақтарды шошытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде босап кеткен жылқы мейрамханаға кіріп кетіп қонақтарды шошытты

02.10.2018

Францияда қызық жайт болды. Париждің солтүстігіндегі дәмханалардың біріне тапа-тал түсте бір ат мөңкіп кіріп, қонақтардың зәресін ұшырды. Фермадан қашып кетіп, адамдарға тосынсый жасаған жылқы сол жерде орнатылған камераға түсіп қалған.

Ерекше қонақ келген сәтте, дәмханада 7 адам ғана болыпты. Мекеме қожайыны Стефан Жасминнің айтуынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал, ферма қожайынының сөзінше, бұл тай соңғы кездері осылай қашуды әдетке айналдырып алған екен.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу