Қарағандылық 33 жастағы әйел аттракционнан секіремін деп қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық 33 жастағы әйел аттракционнан секіремін деп қайтыс болды

11.10.2021

Қарағандылық 33 жастағы әйел аттракционнан секіремін деп қайтыс болды. Ол 25 метр биіктен беліне арқан байлап секірген. Өкінішке орай резеңке арқан босап кетіп, сүйіктісі және достарының көз алдында құлаған. Басынан және бірнеше жерден жарақаттанған келіншек дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер шұғыл ота жасағанымен жанын арашалап қала алмады. Аттракцион қаладағы қонақ үйлердің бірінің төбесіне орнатылыпты. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аттракционның иесі мен клиенттерге қауіпсіздік белбеуін бекітетін және нұсқаулар беретін қызметкерлер тергелуде. 

Хабарламаларға жазылу