Ыстықкөлде әскери жаттығу өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстықкөлде әскери жаттығу өтіп жатыр

26.09.2018

Ресей және Қырғыз әскерилері Ыстықкөл облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіп жатыр. Әскери маневрлер болып жатқан жер ел астанасы Бишкектен 180 шақырымда орналасқан. Шараға 2 мыңдай сарбаз қатысып жатыр. Олардың тең жартысы ресейлік жауынгерлер. Бұған қоса, екі әскери аэродромға 400 дана әскери техника мен ұшақ тартылған. Әскерилер лаңкестер ұшақты басып алып, бірнеше адамды кепілге алған жағдайда әрекет етуге жаттықты.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу