Иранда әскери шеру кезіндегі жарылыстан 29 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда әскери шеру кезіндегі жарылыстан 29 адам қаза тапты

24.09.2018

Сенбіде Иранның Ахваз қаласында болған терактіге АҚШ пен оның одақтастары жауапты. Ел президенті Хасан Роухани осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше, Вашингтон өңірдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін үкіметке қарсы топтарға қолдау көрсетіп жүр. Айта кетсек, лаңкестік әрекет Иранның оңтүстігіндегі Ахваз қаласында әскери парад кезінде болды. Шара қатысушыларына мінбердің артында тұрған қарулы топ мүшелері оқ жаудырған. Одан 29 адам қаза тауып, 60-қа жуығы жараланды. Бірнеше ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, терактіні Сауд Арабиясымен байланыстағы топ мойнына алған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу