АҚШ-та ең қымбат IPhone жұрт назарына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ең қымбат IPhone жұрт назарына ұсынылды

13.09.2018

АҚШ-та ең үлкен, әрі ең қымбат IPhone жұрт назарына ұсынылды. Бұл жолы Apple компаниясы бірден үш жаңа смартфон мен ақылды сағат көрсетті. Сағаттың ерекшелігі сол - онда жүрек қағысын бақылайтын функция орнатылған. Ал, IPhone-ның үлкені - XS Max. Оның экранының диагоналі 6,5 дюйм болса, IPhone XS-тікі - 5,8 дюйм.

Бұл жолы компания смартфондарға бұрынғыдай Plus деген сөзді қосудан бас тартты. Жалпы, жаңа модельдердің сыртқы келбеті бойынша осыған дейінгі түрлерінен еш айырмашылығы жоқ. Тек екі SIM карта салуға болады және оларға жылдамдығы өте жоғары процессор орнатылған. Сондай-ақ, гаджеттерде адамның түрін танитын Face ID функциясы да бар екен. Ал, телефонның дисплейін жасауға жаңа технология пайдаланылған. Бұл смартфондардың екеуін де суға салуға болады. Соңғы деректер бойынша олардың бағалары 1000 доллардан асады. Ал, үшінші модель, яғни, XR-ға өзгелеріне қарағанда арзан дисплей орнатылған. Сондықтан, оның бағасы 749 доллардан басталады.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу