Пентагон ғимаратында 2001 жылғы теракт құрбандары еске алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон ғимаратында 2001 жылғы теракт құрбандары еске алынды

11.09.2018

Құрама Штаттарда жасалған 11-ші қыркүйек терактісіне бүгін 17 жыл. Осыған орай Пентагон ғимаратында елдің ұлттық туы төмен түсірілді.

2001 жылдың дәл осы күні «Әл-Каида» жанкешті-лаңкестері 4 жолаушы ұшағын басып алып, оларды Нью-Йорктегі екі егіз мұнара мен Пентагон ғимаратына апарып соққан еді. Төртінші ұшақ Пенсильвания штатына құлады. Бас-аяғы 3 мыңдай адам қаза тапты. 

Халықаралық терроризм туралы баяндамаларға сүйенсек, әлемде соңғы 10 жылдың өзінде 113 мыңға жуық лаңкестік шабуыл жасалып, олардан 195 мыңнан астам адам мерт болған екен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу