Ботстванада 90-ға жуық піл өлтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ботстванада 90-ға жуық піл өлтірілді

06.09.2018

Африканың Ботствана мемлекетінде 90-ға жуық пілдің өлексесі табылды. Олардың көбінің азу тісі шабылып, ұрланған. Мұны осы ауданда шілдеден бері санақ жүргізген қайырымдылық ұйымы хабарлап отыр. Оның өкілдерінің сөзінше, пілдер браконьерлердің мұнша үлкен шабуылына бұрын-соңды ұшырамапты. Алайда, жергілікті Орман шаруашылығы және ұлттық парктер департаменті бұл мәліметті жоққа шығара отырып, пілдердің көбі «табиғи себеппен» өлгенін мәлімдеп отыр.

Айта кетсек, Африкадағы пілдердің төрттен үш бөлігі Ботсванада тіршілік етеді. Олардың саны 2010-2015 жылдар аралығында 15 пайызға кеміп кеткен.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу