Гонконгта піл сүйегін сатуға тыйым салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгта піл сүйегін сатуға тыйым салынбақ

02.02.2018

Бұған көптеген дауыс жиналып, қабылданған заң 2021 жылға дейін өз күшіне енуі тиіс. Бұл пілдерді қорғау мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ, Қытайдың кейбір қалаларында бұған биылдан бастап рұқсат жоқ.

Айта кету керек, әлемде піл сүйегінің 90 пайызын Қытай елі сатып алады екен. Ол ең ірі импортер болып есептеледі. Қытайлықтар одан көптеген бұйымдар әзірлеп, көбінесе тамақ ішуге арналған таяқшалар жасау үшін пайдаланады. Ал, Гонконгтің өзінде піл сүйегі 150 жыл бойы сатылып келген. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу