Қырымның Армянск қаласында ауаның ластануы салдарынан мектептер жабылып, мыңдаған оқушы сабаққа бармай қалды. Түбек премьер-министрі Сергей Аксеновтың мәлімдеуінше, атмосферадағы улы заттар мөлшері ең жоғары деңгейге жеткен.
Қазір қауіпті аудандардан эвакуацияланған балаларды шипажайларға орналастыру жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар ауада жағымсыз иіс сезіліп, даладағы заттарын тот басты деп шағымданып отыр. Соңғы деректерге жүгінсек, улы заттар Херсон облысына да жетіп үлгерді.
Естеріңізге салсақ, тамыздың 24-і күні «Қырым титан» зауытында апат болып, одан зиянды токсиндер тараған. Бұл кәсіпорында резинка, пластмасса өндірісінде пайдаланыталын сыр, бояулар шығарылады екен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.