Сайлау учаскелері саяси науқанға дайын
Сайлау учаскелері саяси науқанға дайын. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру учаскелерінің науқаналды әзірлігін пысықтап, жергілікті атқарушы органдардың есебін тыңдады. Мамандар дауыс беру жәшіктері, кабиналар, учаскелердің материалдық-техникалық базасы мен бюллетендердің уақытылы жеткізілуі жөнінде мәлімет берді.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Негізгі ұйымдастырушылық және практикалық жұмыстардың орындалғанын атап өткім келеді. Барлық сайлау учаскеслері дайын. Оның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың да дауыс беруіне қажетті жағдай жасалған.
Ал сайлаудың бастан аяқ өтуіне жауап беретін 71 000 маман арнайы оқытылып, сынақ тапсырған. Орталық сайлау комиссиясына 203 өтініш келіп түскен, оның 129-ы сайлау заңнамасын түсіндіруге, 62-сі сайлау процесін ұйымдастыру мәселелеріне байланысты. Орталық сайлау комиссиясы азаматтар учаске мамандарының жұмысына араласса, дауыс беру құпиясын бұзса, азаматтардың еркін дауыс беруіне кедергі келтірсе, жауапкершілік көзделгенін ескертіп отыр. Сондай-ақ сауалнамалар мен болжамдарды алдын-ала жариялауға болмайды. Ал ертең тыныштық күні. Бүгін түнгі 00:00 бастап үгіт жүргізуге тыйым салынады. Бұрыннан ілінген жарнамаларға, желіде жарияланған материалдарға шектеу жоқ. Десе де оларды қайта салып, насихаттауға болмайды.
Ләззат Сүйіндік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Бюллетеннің фото немесе бейнетүсірілімін жүзеге асыруға, оны таратуға тыйым салынады. Сайлаушының қай партияға дауыс бергені көрінбейтін болса, сайлау жәшігінің жанында немесе бюллетеньді жәшікке салу кезінде де фотоға түсуге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы