АҚШ-та халық «Nike» брендіне байкот жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та халық «Nike» брендіне байкот жариялады

05.09.2018

АҚШ-та адамдар әйгілі «Nike» брендіне байкот жариялап, өнімдерін жаппай өртеп жатыр. Америкалықтардың мұндай қадамға баруына таяуда теледидарға шыққан  жаңа жарнама ролигі түрткі болды. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, адамдар бейнетаспадағы басты кейіпкер америкалық футболшы Колин Каперникке қарсы. Бұған екі жыл бұрын болған даулы оқиға себеп болып отыр. Атақты спортшы кезекті матч кезінде АҚШ әнұраны шырқалып жатқанда ерегесіп сапта тұрмай қойған екен.

Негізі Каперник 2011 жылдан бері бұл брендтті жарнамалап жүр. Дегенмен, кикілжің мәселеге байланысты аталмыш компания оны бейнероликтерге 2 жылдан бері қатыстырмаған.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу