Аргентинада несие алуға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада несие алуға қарсы шеру өтті

10.05.2018

Аргентинаның Халықаралық валюта қорынан қаржылай көмек сұрауы тұрғындардың қарсылығын тудырды. Мыңдаған адам Буэнос-Айресте парламент ғимараты жанына барып шерулеткен. Олар мемлекет несие алса, елде қатаң үнемдеу шаралары қабылданып, коммуналдық қызметтер үшін салық артады деп қауіптенеді. Аргентина билігі нақты қанша көлемде несие алатыны белгісіз.

Дегенмен, «Блумбергтің» пікірінше, ол шамамен 30 млрд. доллар болуы мүмкін. Билік бұл шара елдің даму бағдарламасын күшейтуге көмектесіп, дағдарыстан сақтайды деп үміттенеді. Айта кетсек, оңтүстікамерикалық мемлекетте сейсенбіде ұлттық валюта песо 5 пайызға арзандады. Соңғы 14 жылда мемлекет жекелеген міндеттемелер бойынша дефолт жағдайында отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу