Буэнос-Айресте мыңдаған адам шеруге қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буэнос-Айресте мыңдаған адам шеруге қатысты

10.07.2018

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте ауқымды шеру өтіп, оған мыңдаған адам қатысты. Демонстранттар президент Маурисио Макридің Халықаралық валюта қорынан 50 миллиард доллар несие алу ниетіне қарсы. Өйткені, осы ұйымның Аргентина экономикасын дағдарыстан шығаруға бағытталған қаржыны мейлінше үнемдеу саясаты 2000-2002 жылдары елді жайлаған дағдарысты ушықтырып жіберді.

Айта кетсек, бұл мемлекеттің валютасы песо биыл қатты құнсызданып, өткен айда Аргентина үкіметі Халықаралық валюта қорынан көмек сұрайтынын мәлімдеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу