Флорида штатында киберспортшы атқан оқтан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флорида штатында киберспортшы атқан оқтан 2 адам қаза тапты

27.08.2018

АҚШ-тың Флорида штатында төтенше жағдай. Джексонвилл қаласындағы ойын-сауық орталығында болған атыстан 2 адам қаза тауып, 11-і жараланды. Оқыс оқиға америкалық футболдың бейненұсқасы – «Мэдден ЭнЭфЭл» турнирі өтіп жатқанда болған.

Оқ атқан ер адамның Балтимор штатының 24 жастағы тұрғыны, киберспортшы Дэвид Кац екені анықталды. Ол өзгелерге оқ жаудырғаннан кейін өзіне-өзі қол жұмсаған.

Куәгерлердің мәліметінше, спортшы турнир кезінде екі мәрте жеңіліп, кейін көзіне қара көзілдірік киіп, ешкіммен сөйлеспей жүрген. Тіпті, ол жеңген қарсыласының қолын алудан бас тартыпты. Ал, осы бейнеойын жарысы жеңімпазына 25 мың доллар ақшалай жүлде беріледі.

Оқиғадан кейін осындай жарыстардың ауқымына қарамай, қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі көтеріліп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу