Гавай аралына «Лейн» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавай аралына «Лейн» дауылы соққы берді

24.08.2018

АҚШ-тың Гавай аралына «Лейн» дауылы соққы берді. Соның салдарынан күшті жел тұрып, үздіксіз нөсер жауған. Осыған орай аралда төтенше жағдай жарияланды. Мектептер, кеңселер, су басқан он шақты көлік жолы жабылған.

Өңірге 30 сантиметрдей жауын-шашын түсіп, көшелер өзенге айналды. Туристерге су аттракциондары мен сарқырамаларға бармау туралы ескерту жасалды. Құтқарушылар болса, дауыл салдарымен күресуге сақадай-сай отыр.

Гавай архипелагындағы Мауи аралына қонатын және одан шығатын ұшақ рейстері кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, Молокаи және Ланаи аралдарына да «Лейн» дауылы соққы беретіні ескертілді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу