Лира 1,5 пайызға құлдырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лира 1,5 пайызға құлдырады

20.08.2018

Түрік лирасы қайта құлдырай бастады. Ол бүгін доллардың қасында 1,5 пайызға әлсіреді. Бұған «S&P» және «Moody's» рейтингтік агенттіктерінің Түркияның суверендік несие дәрежесін төмендетуі себепші.

Айта кетсек, бұл мемлекеттің ақшасы жыл басынан бері 38 пайызға құлдырады.

Түркияда қаржылық жағдайдың қиындауына бір жағынан инвесторлардың экономика болашағына алаңдауы, екінші жағынан Анкара мен Вашингтон қатынастарының нашарлап, олардың бір-біріне тариф жариялауы да түрткі.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу